{metadescription}
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та жеңіске жетті

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Оклендтегі (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешінде шаршы алаңға шыққан Жәнібек 24 жекпе-жек өткізіп, 16-ын жеңген колумбиялық Карлос Галванмен жұдырықтасты. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен Әлімханұлының жеңісімен аяқталды, барлығы 60:54 деген ұпай берді. Осылайша, отандасымыз кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді, ал Гальван карьерасында сегізінші рет жеңіліс тапты. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы биыл маусым айында әлемге әйгілі промоутер Боб Аруммен келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл Жәнібектің Боб Арум басқаратын Top Rank промоутерлік компаниясы қатарына қосылғаннан кейінгі АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі.

Әлімханұлы келесі кездесуін 3 қараша күні Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өткізеді. Қарсылас АҚШ боксшысы болады деп жоспарлануда.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде