Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодар облысында саңырауқұлақ теріп жүрген балықшы жоғалып кетті
Ленин кентінде Ертіс өзенінің жайылмасында саңырауқұлақ теруге шыққан балықшы жоғалып кетті.
13:11 04.10.2018
Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«2 қазанға қараған түні сағат 00.05-де «112» пультіне Павлодар қаласының маңында ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде құрамында Павлодар облысы ТЖД-нің үш қызметкері бар топ шықты. Олар жайылманың әрбір шаршы метрін тексеріп шықты», - дейді департаментте.
Құтқарушылар сағат 01.42-де 1957 жылы туған ер адамды ұялы телефоны арқылы анықтады. Медициналық көмектен бас тартқан азаматты құтқарушылар туған-туыстарына тапсырды.
Дереккөз: pavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram