Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жаңа туған сәби бесінші қабаттан құлап, тірі қалды
Таиландта бесінші қаббаттан құлаған кішкентай қыз банан жапырақтарының арқасында аман қалды.
13:43 04.10.2018
Оқиға 1 қазан дүйсенбі күні Самутпракан провинциясында орын алған. Жергілікті тұрғындар үйдің арт жағынан жылаған шақалақтың даусын естіген. Артынша олар қоршаудан секіріп, кіндігі кесіліп үлгермеген жаңа туған баланы тауып алған.
Банан жапырақтарына түскен бала жерге жеңіл құлаған. Салдарынан ауыр жарақат алмаған. Сәби ауруханада, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Тек денесіне аздап сызат түсіп, шыбын-шіркей шаққан.
Полицияның айтуынша, баланы анасы терезеден лақтырып жіберген. Көршілердің айтуынша, сол үйде жүкті жас қыз тұрып жатқан. Қазір полиция қызметкерлері ананы іздеп, тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram