{metadescription}
Ақтөбеде 9 қабатты үй отқа оранды

Ақтөбеде 9 қабатты үй отқа оранды

Ақтөбе орталығында тоғыз қабатты үйде өрт шықты.

Оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желіде суреттер мен видеолар жариялап жатыр. Видеода өрттің бірнеше қабатқа көшкенін байқауға болады. 

«Үшінші қабатта орналасқан пәтердің балконында өрт шықты. Өрт туралы хабар Астана уақыты бойынша 16:03-түсті», - деді ведомствоның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 200 адам эвакуацияланған, үш адам - құтқарылған. Айта кетейік, оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру көлігі мен жедел жәрдем, полициясы тұр. Оқиға орнына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов келді.

Толығырақ КТК телеарнасынан сағат 19:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.