{metadescription}
Алматыда Toyota Camry жолдан ұшып кетті
Алматыда су жаңа Toyota Camry 70 автокөлігі аударылып, жол жиегіне шығып кетті.
14:45 06.10.2018
Оқиға 6 қазан күні таңертең Достық даңғылы Оспанов көшесінің төменгі жағында орын алды. Апат болған жерден түсірілген видео Instagram желісіндегі @kris_p_almaty парақшасында жарияланған.
Көлік айтарлықтай зақымданған. Ал, оның ішіндегі жүргізушісі жайлы ақпарат жоқ. Оқиға орнында полицейлер мен жедел жәрдем станциясының жұмыс істеп жүргенін көруге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!