{metadescription}
Әйгілі опера әншісі қайтыс болды

Әйгілі опера әншісі қайтыс болды

Даңқты әнші түнде Сан-Пау ауруханасында көз жұмған.

Әлемге әйгілі испандық опера әншісі Монсеррат Кабалье 85 жасқа қараған шағында Барселонада қайтыс болды. Қыркүйек айында Монсеррат Кабальенің науқастанып, Барселонадағы ауруханалардың бірінде емделіп жатыр деген ақпарат тараған еді. Журналистер оның қуық безі ауыратынын да ашық мәлімдеген.

Монсеррат Кабалье 1933 жылы Барселонада дүниеге келген. Италиялық Россини, Беллини және Доницетти опералары арқылы көпшілікке танылған. 2012 жылы ол қарттығына және сырқатына қарамастан әлемнің бірнеше театрында ән шырқады. 

Опера әншісі өзінің бельканто ән айту техникасымен және классикалық итальялық операларда ойнаған рөлдерімен танылған еді. Жерлеу рәсімі дүйсенбі күні өтеді деп жоспарлануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде