Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында жантүршігерлік көлік апаты болды
Алматы облысының Жаркент қаласында үш көлік соқтығысып, машиналардың сау-тамтығы қалмаған.
08:17 07.10.2018
Оқиға орнынан түсірілген суретте «Митсубиси паджеро» «Тойота карина» көлігінің үстіне дейін шығып кеткен. Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы бүгін Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында болғанын растады.
«Жол-көлік оқиғасында «Митсубиси паджеро», «Тойота карина» және «Рено дастер» көліктері соқтығысқан. Осы үш машинада төрт адам болған. Барлығы да аман. Бірақ «Митсубиси паджеро» көлігіндегі екі адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр»,- деді ведомства өкілі Көбейхан Нұрахметов.
Әзірге көшенің ортасында соқтығысқан көлік апатына кім кінәлі екені белгісіз. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram