Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанай облысында полицейдің өлі денесі табылды
Учаскелік полицейдің денесі 6 қазан таңғы уақытта Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровский ауылынан табылды.
09:42 07.10.2018
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 35 жастағы Айбек Жүнісов өзінің әріптестерімен бірге кафеде қылмыстық тергеу күнін атап өткен. Ол жерде не болғаны жайлы әлі ешкім тіс жарған жоқ.
Қаза тапқан полицейдің кәмелет жасқа толмаған балалары мен әйелі бар екені анықталды. Сондай-ақ, аудандық офицер полицияда ұзақ уақыт қызмет еткені және жергілікті тұрғындар арасында ерекше құрметке ие болғаны белгілі болды Құқық қорғау органы қызметкерінің денесінен азаптап өлтіру белгілері табылмады. Ұялы телефон, ақша және құжат секілді бағалы заттарына ешкім тиіспеген.
Алдын ала болжам бойынша, тәртіп сақшысы жүрек талмасынан қайтыс болды. Сондай-ақ, өлген күні ер адамның қызметте болмағаны анықталды. Аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram