{metadescription}
Қазақстандық Батыр қарсыласын нокаутқа құлатты

Қазақстандық Батыр қарсыласын нокаутқа құлатты

Канаданың Квебек провинциясындағы Centre Videotron аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) келесі кездесуін өткізді.

Ол мексикалық танымал боксшы Патрисио Мореномен (20-2, 14 КО) кездесті. Канадалық Квебекпен жекпе-жек он раунд ережесі бойынша өтті. Алайда бұл кездесу жеті раундқа созылып, Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді.

Сондай-ақ, осы жекпе-жекте қазақстандық боксшы карьерасында алғаш рет нокдаунға түсті. Бірақ екінші раундтың соңында Жүкембаев қарсыласының өзін нокдаунға жіберді. Батырдың жеңістерінің саны 14-ке жетті, ал қарсыласы карьерасында үшінші рет жеңілді.

Айта кетейік, канадалық журналистер 27 жастағы қазақстандық боксшының шеберлігіне көп мәрте тамсана пікір білдірген болатын. Канада бұқаралық ақпарат құралдары Батырды ең дарынды жергілікті спортшылардың бірі деп атап, үлкен телевизиядағы жекпе-жектерін тағатсыздана күтетінін жариялаған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.