Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әли Ахмедов қарсыласын 1-раундта нокаутқа жіберді
Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.
14:30 12.10.2018
Бүгін АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Месе қаласында жартылай ауыр салмақтағы WBC жастар белбеуінің иегері 23 жастағы Ахмедов титул үшін жекпе-жек өткізді.
Геннадий Головкинмен бір жерде жаттығып жүрген 23 жастағы боксшының қарсыласы Мексиканың 27 жастағы боксшысы Джовани Хавьер Гомес (17-15, 11 КО) болған. Айқас қазақстандық боксшы үшін жеңіл өтіп, бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталған.
Айта кетейік, бұған дейін Ахмедов 32 жастағы американдық боксшы Хорхе Эскалантені (9-1-1, 6 КО) нокаутқа жіберген еді. Енді Әли Ахмедовтың рекорды 13 жеңістен (10-ны нокаутпен) құралған. Қазақстандық боксшы жартылай ауыр салмақта WBC Youth World және NABF Junior белдіктеріне ие. Гомес үшін бұл карьерасындағы 15-ші жеңіліс, мексикалық боксшы 17 жеңісінің он екісін нокаутпен аяқтаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram