Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да көпқабатты үй өртеніп, 70 адам эвакуацияланды
Рудный қаласында көпқабатты тұрғын үй өртеніп, екі адамды күйік шалды.
15:41 12.10.2018
Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға Рудный қаласындағы Октябрьдің 50 жылдығы көшесінде болған, деп хабарлайды Қазақпарат.
"5 қабатты тұрғын үйдің жертөле қабатындағы электр сымдарының тұйықталуы нәтижесінде өрт шыққан. Оқиға орнына жеке құрамның 11 қызметкері мен 4 арнайы техника жұмылдырылды", - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Құтқарушылар 70 адамды оқшау жерге көшірді. Оның ішінде 20 бала болды. Күйік шалған екі адам құтқарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram