Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тәліптер шабуылынан кем дегенде 15 полицей қаза тапты
Ауғанстанда тәліптердің Құндыз провинциясында жасаған шабуылы салдарынан қауіпсіздік күштерінің кем дегенде 15 қызметкері қаза тапты.
16:52 12.10.2018
Бұл туралы жергілікті шененуніктер хабарлады. Тәліптер шабуылы осы айда өтетін жалпыхалықтық сайлаулар қарсаңында жасалып отыр.
Провинция кеңесінің өкілі Амруддин Валидің айтуынша, шекара полициясының 15 қызметкер 11 қазанда Калайи-Зал ауданындағы тексеру-өткізу бекетіне жасалған шабуылдан қаза тапқан. Полицияның ондаған қызметкері жараланған. "Талибан" қозғалысы шабуыл жауапкершілігін мойнына алды.
Бұл уақытта, Ауғанстанның Вардак провинциясында жүргізілген әскери операция нәтижесінде кем дегенде 21 содырдың көзі жойылғаны хабаланды. Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік директоратының хабарлауынша, содырлар 20 қазанға белгіленген парламент сайлауына бөгет жасау мақсатында шабуыл ұйымдастырмақ болған.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram