{metadescription}
Алматы облысында сәбиін өлтірді деп 19 жасар ана ұсталды

Алматы облысында сәбиін өлтірді деп 19 жасар ана ұсталды

Алматы облысында полицейлер баласын өлтірді деп күдік тағылған 19 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі.

10 қазанда Талғар ауданында бір жарым жастағы баланың өлімі тіркелді. Полицейлер өлім себебін анықтау үшін соттық-медициналық сараптама тағайындады. Алдын ала болжамдар бойынша, сәби механикалық асфиксия, яғни тұншықтыру салдарынан өлген болуы мүмкін. 

«Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қайтыс болған баланың 19 жастағы анасы ұсталды. Қазіргі кезде күдікті әйел Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес аудандық полицияның уақытша оқшаулау камерасына қамауға алынды. Сот алдындағы тергеу жұмыстарын Талғар АІІБ қызметкерлері жүргізуде, сондай-ақ ол облыстық тергеу басқармасының бақылауында тұр», - деп хабарлады аймақтың ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғады.

 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде