Жүк көлігі апатынан 22 адам көз жұмды
Түркияның Измир қаласында жүк көлігі өзенге құлап кеттті.
Фото: postimees.ee
01:00 15.10.2018
Салдарынан 22 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Измир қаласының Мендерес ауданында болған. Қаза тапқандар арасында балалар да бар. Белгілі болғандай, жүк көлігі көпірдің шетіндегі қоршауларды бұзып, Дегирменчай өзеніне құлап кеткен. Көлік апатынан қаза тапқандардан бөлек 13 адам зардап шекті.
Зардап шеккен көлік жүргізушісі полицияға апаттың алдында тұрған автокөліктің лезде бұрылуы себебінен болғанын айтты. Түсірілген суретте өзенге құлаған жүк машинасынан қалған қалдықтарды ғана көре аламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!