Психологтар бақытты қарым-қатынастың негізгі белгілерін атады
Калифорния университетінің психологтары бақытты және салауатты қарым-қатынастың негізгі белгілерін атады.
Фото: Pixabay/Pexels
11:00 15.10.2018
Олар зерттеуді Journal of Social and Personal Relationships басылымында жариялады.
Психолог Меган Роббинстің айтуынша, ең бақытты жұптар - «біз» деген есімдігін қолданатындар. Бұл қатынастарда және тығыз байланыста өзімшілдіктің жоқтығын білдіреді. Психолог бұл жас жұптармен қатар қарттар үшін маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар ұрсысқан кезде де "біз", "екеуіміз" сөздерін қолданғаны да өте маңызды. Мамандар бұл сөз қарым-қатынастың сенімді болуына ықпал ететінін нақтылайды. Жанжалдасқанда немесе қиын кезеңде "біз", "екеуіміз" сөзі адам миына ерекше әсер етіп, қатынасты одан әрі нығайта түседі екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!