Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда әйелін өлтірген тұрғын 9 жылға сотталды
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі әйелін өлтірген Марат Жұмағалиевке қатысты сот үкімін шығарды.
17:47 15.10.2018
ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда жәбірленушінің өліміне соқтырған қасақана ауыр дене жарақатын салу) М.Жұмағалиев айыпты деп танылып, оған тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу белгіленді.
Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, қанды оқиға биылғы 13 шілде күні орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үйіне мас келген сотталушы азаматтық некедегі әйелі Мария Мурзинаны сондай күйде көрген. Соның салдарынан екеуі сөзге келіп, М.Жұмағалиев сегіз жасар қызын көшеге шығарып жіберген. Содан кейін асүйде Мурзинаның бетінен ұрған.
Сосын үстелден ағаш оқтауды алып, басынан он рет ұрған. Қанды көргеннен кейін үйінен кетіп қалған. Жабық бас-ми жарақатын алған әйел біраздан соң оқиға орнында көз жұмған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram