{metadescription}
Оралда күйеуі әйелін оқтаумен ұрып өлтірген

Оралда күйеуі әйелін оқтаумен ұрып өлтірген

Орал қаласында әйелін оқтаумен сабап өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты.

Қайғылы оқиға 2018 жылдың 12 шілдесінде орын алған. Ішімдікке тойып келген ер адам азаматтық некедегі әйелін жағынан тартып жіберіп, сосын оқтаумен сабаған. Қатты соққыдан әйелі оқиға орнында қайтыс болған.

Марат ЖҰМАҒАЛИЕВ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі «Жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеп соқтыратын ауыр дене жарақатын салу» бойынша кінәлі деп танылды. Ол орта мерзімді қылмыстық-атқару жүйесі институтында 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Шешімді судья Бакыт Ермаханов жариялады.

Айта кету керек, Жұмағалиев алғаш рет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы «өлтіру» бойынша айыпталған болатын. Соған қарамастан, іс кейінірек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-тармағына «ауыр дене жарақатын қасақана келтірген» деп қайта тіркелді. Марат Жұмағалиев өзінің кінәсін толық мойындады және әйелін өлтіргісі келмегенін айтты. Сотталушының туыстары сот шешіміне наразылық білдіріп, апелляцияға баратындарын мәлімдеді.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде