Риддерде жүрген аюлар тұрғындарды шошытты
Тұрғындар үшін бұл аса таңсық нәрсе емес, дегенмен үйрей тудырмай қоймайды.
18:33 16.10.2018
Риддер тұрғындары бірден қаланың бірнеше ауданынан аюларды байқап қалды, деп хабарлайды Алтайньюс. Атап айтқанда, Ботаника, Ульбастрой және Шубинка аудандарында аюлар жүр деседі қала жұртшылығы.
Бұл туралы аңшылар мен балықшылардың риддерлік қоғамдық бірлестігінде де растап отыр. Алайда олар үшін қала маңында жыртқыш аңды жолықтыру таңсық нәрсе емес екен. Жалпы Риддер халқы аюдан бөлек басқа да жабайы аңдарды жиі көреді.
Дегенмен, солардың арасында “маймақтар” ғана үрей туғызатын көрінеді. Олардың қалаға тым жақын келуі азық іздеуімен байланысты болуы мүмкін. Әзірше жыртқыштар оқыс мінез көрсете қоймаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!