{metadescription}
Балабақша тәрбиешілері тестілеуден өтеді

Балабақша тәрбиешілері тестілеуден өтеді

Нәтижесі бойынша тәрбиешілерге санат беріліп, сәйкес үстеме ақы төленеді екен.

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру жүйесі өзгертілетін болды. Білім және ғылым министрлігі тәрбиешілерді ұлттық тестілеу жүйесін әзірлемекші. Тест қорытындысы бойынша тәлімгерлер категория алып, соған сай еңбекақы алатын болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланып отыр.

«Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар сандық үлесі 30 % құрайды. Бұл әлемдік көрсеткішке сай. «Балапан» бағдарламасының аясында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 95 %. Астана бойынша – 80 %. Елбасы тапсырмасы бойынша 2019 жылы бұл көрсеткіш  100 %-ға жетуі тиіс», - деді ҚР БҒМ-нің стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департамент ди⁠ректоры Бахтияр Маликов.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиенің ортақ бағдарламасы жасалып бекітілген. Мектепке дейінгі білім беру орталықтары мұғалімдері мен тәрбиешілерінің білімін көтеру бағытында біліктілікті арттыру курстарын ашу жоспарланған. Қазір мұғалімдердің дәрежесін, еңбекақысын, білім сапасын көтеру бойынша көп жұмыс атқарылуда. Балаларға да, оқытушыларға да қажетті жағдай жасалмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.