ВИДЕО: Перу азаматы әлем чемпионатынан кейін Ресейге көшіп келуді ұйғарды
29 жастағы Перу азаматы Джованни Фалькон Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатынан кейін Ресей еліне көшіп келуді ұйғарды.
Фото: Reuters
11:40 25.10.2018
Чемпионатта перуліктер Франциядан 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Көптеген перулік жанкүйерлер жеңілістен соң Ресейге саяхатты доғарса, ал Джованни, керісінше, саяхатын енді бастамақ.
Ол үш ай өткен соң Ресейге тағы келіп, Оралда тұрмақшы. Айтуынша, оған ресейліктердің өмір салты мен тұрғындары қатты ұнаған.
"Ресейге келгенде ашық-жарқын адамдарды көрдім, бізді жылы қарсы алды, әр жерде, дүкендерде әрдайым көмектесіп, жол сілтеп отырды. Перуандық жанкүйерлер Италия, АҚШ-тан да келген болатын. Олар маған былай айтты: Егер Ресейде тұрғың келсе, алға, біз саған көмектесеміз! Олар өздері де әр елде тұрады екен. "Ұнатсаң, көшіп кел, біз сені қолдаймыз", - деді.
Джованни тіпті чемпионат кезінде жалға алған пәтеріне қайта келіпті. Чемпионат кезінде пәтер қожайыны Владимир Хакимов жанкүйерлерге баспанасын тегін ұсыныпты.
"Интернет форумдарда көптеген ресейліктер пәтерді жалға өте қымбат бағаға ұсынып жатқандарын көрдім, наразылық танытып жатты жанкүйерлер. Бұлай болмауы тиіс деп шештім. Біз жанкүйерлерді өзіміз шақырдық, олардың есебінен ақша табу ұят нәрсе".
Қазір Джованни ай сайын пәтерақы төлеп жүр.
Ол Отанында электр желілерінің жобагері болып істеген. Енді ол Екатеринбургте өз мамандығы бойынша жұмыс істегісі келеді. Көші-қон қызметі Джованниге ЖОО-на түсуге кеңес берді. Ол қазір тіл үйреніп жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары