{metadescription}
Димашқа америкалық тыңдарманы ерекше сыйлық жасады

Димашқа америкалық тыңдарманы ерекше сыйлық жасады

Димаш Құдайбергенге америкалық Сильвия Сандовал деген тыңдарманы қымбат сыйлық  жасады.

Бұл туралы Димаш Инстаграмдағы парақшасында жазды.

«Бүгін мен үшін керемет күн болды! Америкалық Сильвия Сандовал атты тыңдарманым маған тосын сый жасады! Ол кісі 1994 жылы, 24 мамырда, дәл мен дүниеге келген күні әлемдік поп-музыка королі Майкл Джексонның өзінен қолтаңба алған екен. 24 жылдан кейін көзінің қарашығындай сақтап келген ұлы артистің қолтаңбасы қойылған суретті үлкен тебіреніспен маған сыйға тартты! Майкл қағазды тегістеп, ыңғайлап жатып, байқамай жыртып алған екен -«oops, sorry me» деп жазып, қол қойып беріпті. Сыйлығыңыз үшін көп рахмет, Сильвия апай». 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде