{metadescription}
Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы «Lion Air» әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Индонезия халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», - делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек Индонезияда Джакартадан Панкалпинанг қаласына бағыт алған Boeing 737 MAX 8 теңізге құлаған болатын. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Индонезияның төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.