Головкиннің келесі қарсыласы анықталды
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин "Канелодан" жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегіне қарсылас таңдады.
09:17 30.10.2018
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин кездесуін Ұлыбританияда өткізуі мүмкін, тіпті қарсыласын да таңдап қойды. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкин келесі жекпе-жегін Ұлыбританияда жергілікті боксшы, WBA (Super) тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Каллум Смитке қарсы өткізуі мүмкін.
Ол турнир финалында Головкинмен спарринг-серіктес болған отандасы Джорд Гроувзды жеңген болатын. Соңғы жекпе-жегін 36 жастағы Головкин 15 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізіп, карьерасында алғаш рет жеңілген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!