{metadescription}
Жамбыл облысында екі студент есірткімен ұсталды

Жамбыл облысында екі студент есірткімен ұсталды

Ұсталғандар есірткі заттарын темекі шегу арқылы қолданғандарын мәлімдеді.

24 қазанда Сарысу ауданында «Рефлекс - 2018» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында есірткіге қарсы іс-қимылдың қызметкерлері Жанатас қаласында екі кәмелетке толмаған студентті ұстады. Ұсталғандардың пакетінде ерекше иісі бар жасыл заттар болған.

Сот-сараптаманың қорытындысына сәйкес, табылған зат 18,51 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Ұсталғандар есірткі заттарын темекі шегу арқылы қолданғандарын айтқан.

Күдіктілер кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес «Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша» бойынша алдын ала тергеу басталды.

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.