{metadescription}
Еліміздегі ең ұзын веложол Өскеменде салынады

Еліміздегі ең ұзын веложол Өскеменде салынады

Өскеменде республика бойынша ең ұзын велосипед жолы салынады.

Ол №19 ықшамаудан мен қаланың орталығын жалғайды, деп хабарлайды Алтайньюс. Бұдан бөлек Сәтпаев даңғылы бойымен жүгіруге арналған жол да салынады. Ол да еліміздегі ең ұзын жол болмақ.

– Байқайсыздар ма, Ертіс жағалауында мұндай вело және жүгіру жолдары болмағанда ол жерде ешкім жүрмейтін. Ал қазір қандай болды? Таңғы сағат 6-дан бастап спортпен шұғылданғандарды көресіз, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ Сәтпаев даңғылы бойынан 14 спорт алаңын да ашу жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде