БҚО-да көктайғаққа байланысты жолдар жабылды
Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабылды.
08:26 07.12.2018
БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау подполковнигіАсхат Қыдыровтың айтуынша, сағат 22.00-ден бастап облыстық Чапаев-Жаңақала-Сайқын, сондай-ақ республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Қазталов бағытындағы жолдар жабылды.
«Көктайғақ салдарынан жағдай осындай болып тұр. Сірә, жолдар таңға дейін ашылмайтын шығар», - деді А.Қыдыров.
Өңір тұрғындарының сөзіне қарағанда, облыстың оңтүстік аумағында күн жауын-шашынды болып, соның салдарынан көктайғақ орын алуда.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!