{metadescription}
Шошқа тұмауынан 17 адам көз жұмды

Шошқа тұмауынан 17 адам көз жұмды

Грузияда H1N1 вирусынан он айлық сәби қайтыс болды.

Оқиға бірнеше күн бұрын елдегі аймақтардың бірінде болған. Бұдан өзге, Грузияда соңғы айда шошқа тұмауынан 16 адам қайтыс болған. Грузия денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зертханалық талдау нәтижесінде нәресте аталған вирусты жұқтырғанға дейін қызылшамен ауырып, қатты әлсіреген. Салдары қайғылы жағдаймен аяқталған.

Дәрігерлердің айтуынша, ата-анасы ауруханаға апармағандықтан, бала үйінде қайтыс болыпты. Денсаулық сақтау министрлігі «Грузияда бірнеше күннен бері грипп вирусына шалдығу көрсеткіші азайды» деп мәлім етті.

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде