Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дәрігерлер науқастың өмірін 15 бөтелке сырамен сақтап қалды
Вьетнамда дәрігерлер 48 жастағы Нгуен Ван Нхаттың өмірін 15 бөтелке сыраның көмегімен сақтап қалды.
16:49 18.01.2019
Оның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер алдымен үш бөтелке сыра құйған, кейін сағат сайын бір бөтелкеден құйып отырған. Осылайша, дәрігерлер науқас бауырының метанол шығаруын азайта алған.
Сонымен қатар науқастың қанын тазартып отырған. Дәрігерлердің айтуынша, алкоголь адам ағзасына тек екі формада - метил спирті және этил спирті түрінде түсуі мүмкін. Алғашқысы адам өміріне қатерлі, өйткені қорыту кезінде ол тотығып, улы формальдегидке айналады.
Бірақ бауыр ең алдымен сыра немесе басқа да сапалы алкогольдың құрамында болатын этанолды шығара бастайды. Екінші сөзбен айтқанда, дәрігерлер «уды у емдейді» деген тәсілді қолданған. Үш апта дәрігерлердің бақылауында болған науқас құлан таза айығып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram