{metadescription}
Жер сілкінісі кезінде екі адамның жүрегі тоқтап қалды

Жер сілкінісі кезінде екі адамның жүрегі тоқтап қалды

Зардап шеккен екі адамның бірі – 60 жастағы қарияның көлік айдап келе жатқанда жүрегі ұстапты. 

Чилидің Кокимбо қаласында 19 қаңтарда болған жер сілкінісі кезінде екі тұрғын көз жұмды. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 6,7 балл болған, деп хабарлайды BioBio радиостанциясы. Жергілікті билік басшысы Люсия Пинто мәлімдегендей, зардап шеккендердің бірі – 74 жастағы әйел. Ал 60 жастағы ер адам көлік айдап келе жатқанда жүрегі тоқтап қалған.

"Зардап шегушіге көмек көрсетілді, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады", — деді ол.

Пинто берген мәліметке сүйенсек, жер сілкінісі салдарынан 232 мың үй жарықсыз қалған, жергілікті қызметтер апат салдарын жоюмен айналысып жатыр. Ал жер сілкінісінің ошағы 54 километр тереңдікте болыпты.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде