Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада өрттен қаза тапқан 5 баланы ақтық сапарға шығарды
Астанада 4 ақпан күні өрттен қаза болған 5 баланы халық ақтық сапарға шығарып салды.
14:40 05.02.2019
Жаназаға қайғы жұтқан отбасының туған-туыстары, көршілері, достары және елорда тұрғындары қатысты. Астанада жеке үйдегі өрттен мерт болған кәмелетке толмаған бес баланы жерледі. Қазақстандық басылымдар премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың сейсенбі күні үкімет отырысын Астанада жеке үйдегі өрт салдарынан бес баласынан айырылған отбасыға көңіл айтудан бастағаны туралы хабарлады.
Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанада өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылғы 5 қыз баланың денесі табылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram