{metadescription}
Қарағандыда өрттен 7 бала аман қалды

Қарағандыда өрттен 7 бала аман қалды

Қарағандыдағы 15-шағын ауданда 4 ақпан тоғыз қабатты үйден өрт шықты. 

Пәтер сегізінші қабатта орналасқан, өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 25 адам мен 8 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. 

"Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолдана отырып 13 адамды құтқарды, оның жетеуі – бала (...) Газ иісінен уланған 2011, 2014 және 2018 жылы туған үш бала ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада. 

Өрт себебі анықталып жатыр. Естеріңізге салайық, 4 ақпан түнде Астанада қайғылы оқиға болды. "Сарыарқа" ауданы "Көктал -1" тұрғын үй алқабында жеке ұй аумағында уақытша баспана өртенді. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылы туған бес бала қайтыс болып, бүгін ақтық сапарға аттандырды. 

Дереккөз: Today.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.