Қостанайда тағы бір адам үсіп өлді
Қостанай облысында ішімдік ішкен ер адамды өз үйінің ауласында үсік шалып, көз жұмды.
12:29 07.02.2019
Оқиға 6 қаңтар күні Меңдіқара ауданында болған. Ол ішімдік ішкен күйі өз үйінің ауласында үсіп өлген. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасында хабарлайды.
«Веденка ауылынан ер адамның мәйіті жеткізілді. Мәйітті тексерген кезде жарақат және зорлық-зомбылық іздері болған жоқ», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, осыған дейін Қостанай облысында Денисов және Әулиекөл аудандарында 1990 және 1968 жылы туған екі әйелдің үсіп өлгені белгілі болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!