{metadescription}
ШҚО-да шахта құлады

ШҚО-да шахта құлады

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы Артемьевский шахтасында қазба орнының төбесі құлап түсті.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Алтайньюс. Автордың айтысынша, оқиға салдарынан шахтадағы негізгі жолдардың бірі жарамсыз болып қалған. Жағдайға қатысты KAZ Minerals тобының Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұқарамен байланыс менеджері пікір білдірді.

– Күре жол ешқандай да жарамсыз болып қалған жоқ. Бұл жерде бұрын өңделген, қазір жұмыс істемейтін қазбаның төбесі құлады. Жұмыскерлер дін аман. Жақын маңда қирайтын құрылыс та жоқ. Қазір оқиға орнын ретке келтіріп жатырмыз. Жұмыс уақытша кідірді, – деді Ермек Дүзкенов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде