Ақтауда қылмыскер түрмеден қашып кетті
Ақтауда қауіпсіздігі төмен түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы қашып кетті.
10:24 10.02.2019
Қоныс колониясынан қашқан 30 жастағы Мереке Бердиев 2017 жылы тонау қылмысы үшін 4 жылға сотталып, жазасын қатаң тәртіптегі мекемеде өтеуге тиіс болатын.
«Ол жазасын өтеу кезінде өзін жақсы жағынан көрсетіп, тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысты, осылайша 4 рет ынталандырылған. Жазасының үштен бірін өтеп болған соң ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 96-бабына сәйкес, Ақтау қалалық соты 2018 жылдың 10 шілдесінде Бердиевті қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстыру жөнінде шешім қабылдаған. Сотталушы Мереке Бердиев қоныс колониясына келген соң Ақтау қаласында орналасқан «Ақтау-Еңбек» РМК-ға жұмысшы болып орналасады. Биылғы 4 ақпан күні ол жұмыс орнынан шығып кеткенімен, қоныс колониясына келмеген. Сол күннен бастап оған іздеу жарияланды», - деп мәлім етті ведомстводан.
Бүгінгі таңда қылмыстық іс қозғалып, Маңғыстау облыстық полициясымен бірлесіп қашқынды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Дереккһз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!