Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада полицейлер жаппай төбелесті
Астана қаласы полиция департаменті полицейлер арасындағы төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді.
18:29 14.02.2019
Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде таралған видеода екі полицей жекпе-жекке шыққаны байқалады. Сонымен қатар формадағы тағы үш полицей бұл көріністі бақылап тұрған.
«Тексеріс қорытындысы бойынша жол-патрульдік полициясының рота командирі қызметінен босатылды. Жол-патрульдік полициясы басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Төбелес кезінде болған бес адам, яғни екі учаскелік инспектр мен үш жол-патрульдік полицей ішкі істер органдарынан шығарылды», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram