Еліміздің 5 облысында қасқыр аулауға тыйым салынды
2019 жылдың соңына дейін Қазақстанның 5 облысында қасқыр аулауға тыйым салынды.
13:36 17.02.2019
2019 жылдың соңына дейін Қазақстанның 5 облысында қасқыр аулауға тыйым салынды, - деп xабарлайды ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook-тағы парақшасында.
Бұл тізімге Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары кіріп отыр. Себебі бұл аймақтарда қасқыр саны азайып барады. Мәселен, Ақмола облысында – 30, Павлодар облысында – 194, Қостанай облысында - 445 қасқыр қалған. Ал елімізде небәрі 13 мың қасқыр бар. Бұларды тек адамға немесе малға шабыл жасаған жағдайда ғана атуға рұқсат берілді.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!