Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бес адам атыстан көз жұмды
АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Аврора қаласында атыс салдарынан бес адам қаза болды.
09:51 18.02.2019
Ер адам құбыр желісінің жабдықтарын шығаратын Henry Pratt компаниясының ғимаратында оқ жаудырған. Полиция азаматтарға оқ атқан адамның атын да анықтады. Оның аты-жөні - Гэри Мартин. Ол құбыр желілеріне арналған арматура шығаратын компанияда 15 жыл жұмыс істеп, жақында жұмыстан шығарылған. Полицейлер атысқа осы оқиға себеп болуы мүмкін деп болжайды.
Ер адам полицейлерге де оқ жаудырған. Куәгерлердің айтуынша, Мартин лазерлі пистолетті қолданған. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, полицияның бес қызметкері жарақат алған. Олардың екеуі тікұшақ арқылы травматология орталығына жеткізілді. Атыс қазіргі уақытта жойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram