Қарағанды облысында екі жасөспірім пышақтасты
Ауруханаға пышақ жарақатын алған 14 жасар жасөспірім жеткізілді.
09:06 19.02.2019
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы ауруханаға пышақ жарақатын алған 14 жасар жасөспірім жеткізілді. Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдікті ретінде 15 жастағы жасөспірімді анықталған. Ол заңды тұлғаның қатысуымен, тәртіп сақшыларының алдында ерегес кезінде жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын мойындады. Екі жасөспірімдер арасында болған келіспеушіліктің себебі белгісіз. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 107-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!