{metadescription}
Алматыда алаяқтықпен айналысқан актер ұсталды

Алматыда алаяқтықпен айналысқан актер ұсталды

Алматы полициясы алаяқтық әрекеттермен айналысқан актерді ұстады.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полицияның мәліметіне қарағанда, 21 жастағы жігіт бұрын да істі болған.

«Полицияға жасөпірімдердің, мектеп оқушыларының  ата-аналары шағымдана бастаған. Бір жағдайда ол видео жүктеп аламын деген желеумен 15 жастағы оқушыдан ноутбук алып шығуын сұраған. Осылайша баланы алдап дүкенге кіріп кетіп, дүкеннің арғы есігінен шығып кеткен. Ноутбукты 15 мың теңгеге сатып жіберген. Тағы бірде қыз баланың телефонын алдап алып кеткен», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бөлімі басшысы Дидар Аханов.

Қазір аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлімі, 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

«Осындай құқықбұзушылықтан жапа шеккен азаматтар болса 298-53-70; 298-53-71,  298-53-72 телефондарына хабарласуын сұраймыз. Айта кету керек, бұл жігіт бұрын екі рет драмалық кинода ойнаған актер болып шықты», - деді Дидар Аханов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде