{metadescription}
Алматыда көп балалы отбасыларға 1 млн теңгелік сертификат беріледі

Алматыда көп балалы отбасыларға 1 млн теңгелік сертификат беріледі

Алматы қаласында көмекке мұқтаж көп балалы отбасылардың пәтер алуына мүмкіндік жасайтын тұрғын үй бағдарламасын іске қоспақ.

Байбектің айтуынша, соңғы екі аптада әкім 600 анамен кездескен.

«Жүздеген сұрақтар сарапталды, олардың ең өзектісі – тұрғын үй, коммуналдық қызмет, жәрдемақы мәселесі және оқу мен жұмысқа орналасу. Аналардың барлық ұсынысы Үкіметке жіберілді. Алайда әкімшілік те құр қарап отырмайды. Алматыда «Бақытты отбасы» атты әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады.  Әр көп балалы отбасы үшін қала әкімшілігі 1 млн теңгелік тұрғын үй сертификатын үйлестіреді. Алғашқы жарна пәтер бағасының 10 пайызын құрайды. 2 пайыз үстемемен 18 жылға алады. Соңғы екі жылда біз «Алматы Жастары» бағдарламасын сәтті іске асырдық. 10 млн теңгеге дейінгі 238 пәтерді рәсімделді. Яғни, бұл мәселеде тәжірибеміз мол», - деді Бауыржан Байбек.

Несие құны 15 миллион теңгеден аспайтын жаңадан салынған үйлер үшін беріледі. Биылғы жылы Алатау және Наурызбай аудандарынан 500 пәтер өткізу жоспарланып отыр. Ал алдағы 5 жылда 23 мыңға жуық пәтер салынады.

Байбектің айтуынша, соңғы 3 жылда 10 мыңға жуық алматылық отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды. Олардың ішіндегі 1356 пәтер қалалық тұрғын үй қорынан бөлінді, 8 мыңы жеңілдетілген ипотекамен берілді. 40 пайызға жуығы әлеуметтік жағдайы төмен жандарға берілді: 2375 пәтер көп балалы отбасыларға, 564 пәтер мүмкіндігі шектеулі жандарға, 345-і жетім балаларға және 165 пәтер зейнеткерлер мен ардагерлерге берілді.

Дереккөз: Qamshy.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.