{metadescription}
Павлодарда өрт шыққан үйден 13 жастағы қыз екі сіңілін құтқарып алды

Павлодарда өрт шыққан үйден 13 жастағы қыз екі сіңілін құтқарып алды

Павлодарда қаласында жеке сектордағы тұрғын үйде шыққан өрттен ер адамның денесі табылды.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

- Карл Маркс көшесі 286 мекенжайы бойынша өрт шыққандығы туралы хабар кеше сағат 15:29-да келіп түсті, - деді баспасөз қызметінде.

Жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Үйден 27 және 50 литрлік 4 газ баллоны шығарылды. Құтқарушылар 1948 жылғы ер адамның денесін тапты. Өрт сағат 19:51-де толығымен жойылды. Дептартаментте өрт шыққан үйден 2005 жылғы қыздың екі баланы құтқарып алғанын айтты.

- Қаза болған зейнеткердің 2005 жылғы немересі мектептен келе жатып үйден түтін шығып жатқанын байқаған. Зейнеткердің қарауында қалған 2015 жылғы екі сіңілін терезеден шығарып алған, - деді департаментте.

Айта кетейік, оқиға орынына жеке құрамның 22 адамы мен 9 техника жұмылдырылған. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Дереккөз: pavlodarnews.kz
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.