{metadescription}
Жерге ірі астероид жақындады

Жерге ірі астероид жақындады

EA2 деп аталатын ірі астероид Жерге Айдан да жақын қашықтықта ұшып өтеді.

Жақында ашылған EA2 ірі астероиды 22 наурызда (Астана уақыты бойынша таңғы 7.54-те) барынша Жерге жақындайды. Аспан денесі ғаламшардан шамамен 305 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді - бұл жерден айға дейінгі қашықтықтан 80 мың шақырымға аз.

Астероидтың жылдамдығы шамамен секундына бес шақырым, ал диаметрі –18-ден 40 метрге дейін. Қыркүйек айында NASA ғалымдары Жерге көлемі 70-тен 160 метрге дейін жететін SP1 астероидының жақындағанын хабарлаған болатын, ол бізден 5,87 миллион шақырым қашықтықта ұшып өткен.

Дереккөз: Zakon.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде