{metadescription}
Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс комитетінің басшысы болды

Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс комитетінің басшысы болды

Сенаттың пленарлық отырысында депутаттар палатаның халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасын сайлады.

«Бұл комитеттің төрағасы лауазымына Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің кандидатурасын ұсынамын. М. Абрарұлы белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, Мемлекеттік хатшы, министр, облыс әкімі болып аса жауапты лауазымдарды абыроймен атқарды. Білімді, білікті және тәжірибелі депутат», - деді Сенат спикері Дариға Назарбаева.

Депутататтар ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады. Бұған дейін бұл функцияларды Дариға Назарбаева атқарған.

Мұхтар Құл-Мұхаммед Абрарұлы 1960 жылы 12 желтоқсанда туған, қазақ, білімі жоғары. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Журналист, заң ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, ҚР Президентінің Кеңесшісі, баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қызылорда облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. «Құрмет», «Парасат», III дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде