{metadescription}
Сенбілікке шыққан оқушы қайтыс болды

Сенбілікке шыққан оқушы қайтыс болды

Атбасар ауданы Мариновка ауылында сенбілікке шыққан 8-сынып оқушысы қайтыс болды.

Ақмола облысында сенбілікке шыққан оқушы қайтыс болды. Оқушыны тоқ ұрған. Сенбілікке шыққан 8-сынып оқушысын  жоғары кернеулі тоқ ұрып, ол оқиға орнында көз жұмды. Оқиға қазақ орта мектебінің жанында сенбілік кезінде болған. Ұл бала жергілікті мұғалімнің жалғыз баласы екен.

Анасы көп жылдан бері мектепте мұғалім боп қызмет атқарып келген. Төтенше жағдайға байланысты оқиғаның неден болғанын полицейлер тексеріп жатыр. Мектеп басшылығынан түсінік алынды. 

«Сол күні басқаларымен бірге Ирченко станциясындағы темір жолдың аумағында жүрген інім қазақ тілінде білім беретін орта мектепте оқыған еді. Бұрын мен де сол жерде оқығанмын. Біз де сенбілікке шығып, темір жолдың аумағын да тазалайтын едік. Алайда сол күні бәрі қайғылы жағдаймен аяқталды. Ол вагондардың сол жерде тұрғанына бір аптаға жуық уақыт болды. Балалар оның үстіне кім бірінші болып шығатынына бәстескен болуы керек», - дейді марқұмның әпкесі. 

Вагонға бірінші болып оның 14 жастағы інісі шыққан. Балалардың сөзінше, ол бірден көз жұмыпты. 

«Балалардың айтуына қарағанда, ол қолын көтерген кезде сымға тимепті. Тоқтың кернеуі жоғары болғаны сонша, ол бірден тоққа түсіп қалған. Екінші бала жарақат алған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр. Абырой болғанда, үшіншісі секіріп үлгеріпті», - дейді қыз. 

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.