{metadescription}
Франция астанасы Парижде әйгілі Нотр-Дам ғимараты өртенді

Франция астанасы Парижде әйгілі Нотр-Дам ғимараты өртенді

Тарихи ғимаратты шарпыған жалынның видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен.

Францияда Париж Құдай анасы шіркеуі отқа оранды. Өрттің шығуына не себеп болғаны әлі белгісіз. Шіркеуде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Жергілікті БАҚ өкілдері отқа оранған ғимараттың орналасқан Сите аралындағы тұрғындар эвакуацияланғанын хабарлайды. Шіркеу ғимаратында жұмыс істеген құрылысшылардан жауап алынды.

«Нотр-Дам-де-Пари өртеніп жатыр. Ұлтымыз есеңгіреп қалды. Барлық католиктер мен француздар үшін қам жеймін. Отандастарым сияқты мен де осынау біздің бір бөлшегіміз өртеніп жатқанына қайғырамын», - деп Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің парақшасында жазды.

Айта кетейік, тарихи ғимарат XIII ғасырда тұрғызылған. Франция символына айналған шіркеуді көруге әлемнің түкпір-түкпірінен жылына шамамен 13 миллионға жуық турист жиналатын.
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.