Дене шынықтыру пәнінде оқушының үстіне футбол қақпасы құлады
Ақтауда үстіне футбол қақпасы құлаған оқушы аман қалды.
11:39 16.04.2019
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, мектеп ауласында дене шынықтыру пәні кезінде ойнап жүрген баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Дереу ауруханаға жеткізіліп, оқушының сүйегі сынғаны анықталды.
Мұғалім сабақ кезінде балалардың қасында болмаған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, Селфиге түспек болған бойжеткен 12 метр ғимараттан құлап көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары