{metadescription}
Украинадағы сайлау: Зеленский жеңіске жетті

Украинадағы сайлау: Зеленский жеңіске жетті

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың екінші турындағы электронды хаттамалардың 52,03 пайызын өңдеді. 

Мәліметтерге сәйкес, Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың  24,61% жақтаған.  Жарамсыз болып қалған бюллеттендер 2,33%. Орталық сайлау комиссиясы Украина президентінің есімін 1 мамырдан кешіктірмей жариялауы тиіс.

"Мақсатымызға жеттік! Маған қолдау көрсеткен ата-анама үлкен алғысымды білдіргім келеді. Күш-жігер танытқан әйеліме рахмет. Егер мен туралы айтылған сөздерді кезінде естісе, маған күйеуге шықпас еді. Балаларыма, бүкіл отбасыма рахмет. Командама, сарапшыларға, заңгерлерге, бақылаушыларға  - бәріңізге рахмет", - деді Зеленский экзит-полл нәтижелерінен кейін.

Еске салсақ, Украинаның кезекті президенттік сайлауында Зеленский мен Порошенко екінші турға өткендігі туралы жазған болатынбыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде