12 жастағы қазақ қызы джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Жас спортшы Нұр-Сұлтан қаласында жаттығады.
12:09 24.04.2019
БАЭ астанасы Абу-Даби қаласында өткен Abu-"Dhabi World Jiu-Jitsu Championship-2019"жарысында 12 жастағы қазақ спортшысы Жібек Құлымбетова бразилиялық джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол халықаралық жарыста 32 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Жас спортшы жеңіске қалай жеткенін өзінің әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.
"Алланың қалауымен джиу-джитсу күресі бойынша екінші рет әлем чемпионы атандым! 5 қарсыласыма ауырту әдісін жасап, таза жеңіске жеттім. Маған қолдау көрсеткен, жанкүйер болған барлықтарынызға шын жүректен алғыс айтамын! Мені осы жарысқа дайындаған "Sagadat Batyr - QTT" клубының бапкерлеріне көп рахмет!", - дейді Жібек Құлымбетова өз парақшасында.
Сондай-ақ 12 жастағы спортшы қазақтың көк байрағын биікке көтере алғанына қуанышты екенін атап өтті.
"Еліміздін көк туын биікке көтере алғаныма қатты қуанамын! Аллаға мыңда бір шүкір! Қазақ елі жасай берсін!", - деді Жібек Құлымбетова.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!