{metadescription}
Данияр Қайсанов Азия чемпионы атанды

Данияр Қайсанов Азия чемпионы атанды

Еркін күрес балуаны Данияр Қайсанов Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды.

74 келіде белдесетін отандасымыз алғашқы айналымда моңғол балуаны Отгонбайар Басуриді айқан басымдылықпен ұтса, екінші белдесуде өзбек балуанынан оңай айласын асырды. Ал жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Адам Батыровты ұтты. Батыров жарақат алып, кездесуге шықпады.

Ақтық белдесуінде Данияр Қайсанов үнді балуаны Амит Кумармен белдесті. Қарсыласын 5:0 есебімен айқын ұтып, Азия чемпионы атанды. Айта кетейік, өкінішке орай, 61 келідегі Бауыржан Төребек, 86 келідегі Әділет Дауланбаев пен 92 келідегі Ералы Абдрашев және аса ауыр салмақтағы Олег Болтин жарыстан шығып қалды.

Дереккөз: Qsport.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде