{metadescription}
Назарбаев актер Джеки Чанмен кездесті: Фото

Назарбаев актер Джеки Чанмен кездесті: Фото

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев танымал қытайлық актер Джеки Чанмен кездесті.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай еліне сапары барысында актер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter -дегі парақшасында хабарлады.

«Елбасы танымал қытайлық актер Джеки Чанмен кезді», - деп жазған Айдос Үкібай жүздесу барысында түсірілген фотосуретпен бөлісті.

Кездесуде сондай-ақ, Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев те болды.

Назарбаев Қытайға не үшін барды

Елбасы Бейжіңде 26-27 сәуірде өткен «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысты. Форумның ресми ашылуы аясында Назарбаев үшінші болып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннен кейін сөйледі. Форумға барлығы 37 елдің басшысы қатысты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.